13.03.2022
135
* * *
Тәкаппар қыз болсам,
Мен айтайын шынымды:
Әлемде жоқ бір қызықты бастаймын.
Асқар құз болсам,
Құзар биік шыңымды
Қырандардың жанарына тастаймын.
Жасалған табыт болсам,
Жаманға көше кезген
Қор болмастан отқа жанып кетер ем.
Жасарған шабыт болсам,
Өлеңнен неше безген
Ақындарға күні бұрын жетер ем.
Күмісті сауыт болсам,
Қорқаққа орғып қашқан
Киілместен тот басуды қалаймын.
Арынды барыс болсам,
Бар сырын қор ғып ашқан
Жігіттерді жүрегінен талаймын.
Тасқынды дария болсам,
Тисін деп баталы көз
Жалғыз тамшы мен суымды сатпаймын.
Көргенді қария болсам,
Тілімде аталы сөз
Тірлігімде ердің рухын сақтаймын.
Жетілген бала болсам,
Киелі Отанды
Жігерімді отқа жанып көсеймін.
Көсілген дала болсам,
Ақ иық жотамды
Арғымақтың тұяғына төсеймін.