13.03.2022
  150


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Қазақтың көңілді өтер батыр – жазы,
Сенбесең сенер жерден шақыр қазы.
Мен жазар бір өлеңнің
Шауып өткен
Тұлпардың тұяғында жатыр сазы.
Сеземін бұл өмірдің қияқ бәрі,
Төсіне жазылардай күй аттары.
Бір күйді төгілтеді дала – перне,
Тұлпардың тиген кезде тұяқтары.


Қазақтың жазирасы күйкі өпкен бе?
Төсінен бұлақ сынды күлкі өткенде.
Бір әнін орындайды дала – бұлбұл,
Тұлпардың тұяқтары күй төккенде.
Жауын да түсірсе іліп түйреп көктен,
Жаныңды ұмар-жұмар түйдектеткен.
Сағымы пәрәнжә ғой,
Дала-сахна
Тұлпардың тұяқтары билеп кеткен.
Кел бері көкіректен күй ағыл да,
Шарықта, бұрқанып өт қиялымда.
Бір маған осынша өнер қылса тарлық,
Тұлпардың жатыр сыйып тұяғында.





Пікір жазу