13.03.2022
156
* * *
Менің жаным бұл шақта шат күледі,
Аяғымнан шалмақ боп жат жүреді.
Кей достарым сезбеген қас-жауымды,
Астымдағы қанатым, ат біледі.
Көп елден мен жүремін артып алда,
Жүрегімді барыс-күй шарпығанда.
Жау келді деп ойлаймын, қара жерді
Тұяғымен тұлпарым тарпығанда.
Жасығаным, сарқырап сай жыласа,
Елей бермей тау езген қайғыны аса,-
Қарға жауға қарсы шап дегені ол,
Қос құлағын тұлпарым қайшыласа.
Жырынды жау ығады айбатты ерден,
Мен жүзімді тұяққа қайрап келгем.
Кей достарым жасытса жоқты соғып,
Тұлпар бірақ жаныма қайрат берген.