13.03.2022
146
* * *
Табиғат, жаратпапты жасық қылып,
Шабыт жүр мені алысқа асықтырып.
Әйтсе де кейін қалар жайларым бар,
Біреуден мүмкіндігім асып тұрып.
Табиғат, бесті бермей үшті бердің,
Өзінше қыршын өсіп іс білер кім.
Сонда да тәкаппар боп көрінемін
Алдында лауазымды күштілердің.