13.03.2022
  138


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Ауырдың көтереді еңсе көбін,
Өзіме, қайратыма тең сенемін.
Дұшпаным сонда көрсе қуанады,
Өйткені, құлайтындай теңселемін.
Жас жаным шабыттанып өтер, білем,
Дүние өз үнім боп кетер кілең.
Достарым сонда көрсе қуанады,
Өйткені, бір биікке көтерілем.





Пікір жазу