meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  181


Автор: Рафаэль Ниязбек

* * *

Айдын көлдер мынау байтақ өңірге,
Қанша толқып тасығанмен теңелмес.
Адам бірдей келгенімен өмірге,
Қолыңдағы бес саусақтай тең емес.
Ұзындары қорынады жиында,
Өзі болып көрінгендей тіреудің.
Ал, қысқаның жүргендері қиын да,
Қалып қойып тасасында біреудің.





Пікір жазу