meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.03.2022
  259


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАБАЛАР

Мен көрмедім тарихымнан өшкенін,
Іске асырдық біз солардың шешкенін.
Жүрміз әлі оқып тіпті тауыса алмай,
Бабалардың бір басынан кешкенін.
Осыларды көз алдымнан өткеріп,
Мен отырмын жүрегіне от беріп.
Сол секілді біраз жырды біз жазған,
Бір осалдар жүрсе керек көп көріп.





Пікір жазу