12.03.2022
  4319


Автор: Көрісу күні

Көрісудің бұл күні

Көрісудің бұл күні,
Сыйластыққа бастайды.
Қауыштырып халықты,
Ынтымақты растайды.

Құтты болсын бүгінгі,
Көрісудің бұл күні.
Қыстан аман шықтық біз,
Жалғастырып күлкіні.

Деніміз сау болсын тек,
Жақсылыққа бастайтын.
Әр көктемге жетейік,
Қауышуды қоштайтын.
Жібек Искакова





Пікір жазу