12.03.2022
  4244


Автор: Көрісу күні

Көрісудің күнімен!

Көрісудің күнімен,
Құттықтаймын жамағат.
Құтты болсын жаңа жас,
Алла берген аманат.

Сыйластықта үндейік,
Әр көктемде қауышып.
Өкпені біз білмейік,
Құшақтаса, табысып.

Жаратқаным жар болсын,
Бір керемет сый беріп.
Амандықта жүрейік,
Барлық іске үлгеріп!.
Жібек Искакова





Пікір жазу