12.03.2022
  193


Автор: Наурыз мейрамы

Бақыт бізге байланып...

Бақыт бізге байланып,
Көңіліміз жайнасын.
Наурыз тойы тойланып,
Қазанда ет қайнасын.

Көктемдей бұл құлпырған,
Қыз-келіншек жайнасын.
Жүрегінде жыр тұнған,
Ақындарым сайрасын...

Наурыз думан басталып,
Тигізсін тек пайдасын.
Шаттық әуен әуен расталып,
Бақыт бастан таймасын.
Жібек Искакова





Пікір жазу