12.03.2022
  208


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз тойы болғанда

Наурыз тойы болғанда көктем кіріп,
Көңіліміз жайдарлы, нұрлы болар.
Сыйластықта үн қатып әрбір адам,
Әр сәтіміз ерекше, құнды болар.

Жүрегіміз лүпілдеп, шығардайын,
Күніміз бен айымыз теңелер бұл.
Жанымызды наурызым елжіретіп,
Бар бақытқа қазағым кенелер бұл.

Бұл көктемнің ең үлкен мерекесі,
Сыйластыққа үндейтін жанымызды.
Жақсылыққа үндесіп бұл наурызым,
Қуанышты етсін әрбір таңымызды.
Жібек Искакова





Пікір жазу