Әз-Наурыз құтты болсын!
Ия, Әз-Наурыз дейміз, неліктен біз «Әз» сөзін қосып айтамыз, яғни, «Әз» деген сөз халық арасындағы аңызға сүйенсек, наурыз айында күн мен түн теңелер сәтте көкті жарып бір ерекше гуіл өтіп, айналаны жайқалтып, нұрландыра түседі екен. Ерекше гуілге балаған бұл гуіл 22 ші наурызға дейін үш күннің ішінде естіледі делінген. Сол себепті халық арасында «Әз болмай, мәз болмайды» деген теңеулер қалып қойған. Әз өткен соң айнала гүлденіп, жер көктеп, бүкіл тіршілік иесі ұйқысынан оянып бойларына жан бітеді. Сондықтан қазақ халқында «Әз» сөзі «Наурыз» сөзімен тіркесіп «Әз-Наурыз» болып, бұл Әз-Наурызды, яғни айнала көктеп, тіршілік иесі оянып, табиғаттың таңғадайып күйі көз алдымызда жандануын осы Әз-Наурызға балап, «жаңа күн» жаңа күннің бастауына балаған. Күндер келер шуағын шашып жаңадан. Әз-Наурызым, хош келіпсіз, төрлетші, бір өзіңе тәнті болсын әр адам...
Көктеммен бірге келетін, өмірге мән беретін. Жүректен орын тебетін, көңілге шат боп енетін, Әз-Наурыз құтты болсын тек, шуақты күнін төгетін. Уа, қазақ елі, Атырау, Алтай арасы қазағымның кең байтақ жері, көңілі дархан, кең пейілді қазақ елі! Көктеммен бірге шырайлы боп, көңілге хош иісті шаттығын беретін, айнала құлпырып, жандана кететін Әз-Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Көңілде шаттық болсын, әр үйде бақыт болсын! Наурыз, наурыз құтты болып, қупнышың толық болсын! Сыйластықтар жанданып тек, Әз-Наурызға көңіл толсын!
«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы