12.03.2022
  549


Автор: Наурыз мейрамы

Наурыз — қазақша ол жыл басы

Ия, Наурыз десек көз алдымызға бірден жеті түрлі тағамнан құралатын, қазақтықтың исі аңқитын, айналаны нұрландырар, жасыл желек үн қалдырар өзіміздің Әз-Наурыз елестейді. Расында да Наурыз атауының өзі бізге ерекше күй сыйлайды. Ауылымызда немесе қаламызда Наурыз болайын деп жатыр екен десе бүкіл ауыл тұрғындары мен қала тұрғындары бірінен соң бірі ағылып жатады. Бұл әрине Наурыз мерекесі түркі тілдес халықтар үшін, олардың ішінде өзіміздің қазақ халқы үшін Наурыз — жыл басы ретінде, ерекше көңіл-күйде тойланады. Арнайы көк шалғыны бар, кең даланы таңдап, ерлер қауымы өзіне артылған жұмысын, әйелдер қауымы өзіне лайықты жұмысын жасап, гүл көктемнің төрінде өзара арқа-жарқа боп жатады. Сонымен қатар, кейбір ауылдарда әрбір жылы Наурыз тойды ұйымдастыру әрбір жыл иелеріне табысталып отырады. Яғни, биыл 1976 жылғылар наурыз тойды ұйымдастырар болса, бүл эстафетаны келесі жылы 1977 жылғылар өз мойындарына алып, Наурызды өткен жылдағыдан ерекше етіп өткізуге үлкен дайындық жасап, барынша қызықты етіп өткізуге ат салысқан. Дәл осылай өз кезегімен жалғасатын Наурыз мерекесі көңілімізге шаттығы мен бақытын, қуанышын сыйлап, өмірімізге шырай береді. Қазағымның салт-дәстүріне сай түрлі жарыстар, байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталып жатады. Бұл біздің — Наурыз той. Қазағымның Наурыз тойы...


«Ғажайып Қазақстан—2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Пікір жазу