11.03.2022
  236


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫНДЫҚТЫҢ АСЫЛ КЕМЕСІН

Әй, қарабет, қарабет!
Ел қамын қашан жеп едің?
Жетімді қашан жебедің?
Елімнің ойлы ұлдарын,
Хан ұлына қашан теңедің?
Жығылса сүйеп тұрғызып,
Қолтығынан қашан демедің?
Басыма қиын іс түссе,
Қорғайтын кісі сен едің.
Қорғамадың бірақ та,
Қан тамырың бұлқынған
Теріс аққан бұлақ па?
Бір-біріне сүйеніп,
Жайқалып өскен құрақ та.
Айналған құрақ көрпеге,
Бірігіп қырық құрақ та.
 Азамат болсаң сен егер,
Шындықтың алтын қазығы
Қағылған жерге тұрақта!
Әй, қарабет, қарабет!
Алдыңнан күнің күлгенде,
Әкім боп атқа мінгенде.
Бастай алмай түзу көшіңді,
Жатты аунап жүгің бір белде.
Алмас ең менен өшіңді,
Бетіңді сонда тілгенде.
Қазық қып жерге қағар ед,
Елбасы бұны білгенде.
Уақыттың улы жебесін,
Кеудесін тосып қарсы алған
Елбасы бірақ не десін?
Қай боғаттың түзейді,
Қағылған қисық шегесін.
Табасына тастап сендейдің
Күйрете қоймас, алайда
Ақындықтың асыл кемесін!





Пікір жазу