meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  234


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕКІ СӨЙЛЕУ – ЕРГЕ СЫН

Қайнамасын бұл күнде сорым қалай?
Арлыны кім бар тыңдаған.
Уәдеңді сен жүрсің орындамай
Қатындай көркін бұлдаған.
Азамат ер қашанда орындаған
Жұртқа уәде бергесін.
Ел сенімін ақтаған,
Қорынбаған
Адам боп өмірге келгесін.
Қатын болсаң, өзің біл, айналайын,
Екі сөйлеу – ерге сын.





Пікір жазу