11.03.2022
  168


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕКІ ДҮНИЕДЕ ЖОЛЫҢ БОЛА МА?


Тасты орнынан қозғай алмаған –
Таулардан тұлға қашай ма?
Бір ақынды демей алмаған –
Жақсылық жұртқа жасай ма?
Қылшылдап тұрған жасыңда
Жетсе егер арың алдауға.
Кісінің жұмыр басын да
Жетпесін неге жалмауға?
Кім көріп жүрсің сен мені,
Қатарға қосқан құлды да.
Ақиқаттың менмін семсері
Қақ жарған қара қылды да.
Құдайдан ғана бата алған
Ақынмын, мейлі, мазақта.
Шешеннен батыр атанған
Бар ма ақын мендей қазақта.
Қасиет жұқса атаңнан
Оңаша үйде қалғанда:
Жігітім, ойлан дәл мендей
Шешеннен батыр атанған
Бар ма ақын жарық жалғанда.
Сыйласаң егер шешеңді
Қасиет, арға бас ұрған.
 Кемітпе аз деп шешенді
Күллі әлемге айдын асырған.
Арыстандар да аз болған
Айбары айды жасырған.
Көңілім саған толама,
Жаныңды жалған жалдасаң.
Екі дүниеде жолың бола ма,
Екі елдің ұлын алдасаң.





Пікір жазу