11.03.2022
  165


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫНДАР ТУМАЙ ТҰРМАҒАН

Жұмыр жерде – көк белде,
Жұмыр басың қағылмай, –
Тумайды ақын көктемде
Адамзат үнін сағынбай.
Барам ба қалай жоқты айтып?
Өкпелеп сендей мәңгүртке.
Көрген бе, сірә, кек қайтып,
Жалтақтай берсек әр түпке.
Туады ақын жаны ізгі
Ерегісіп есек, малғұнға, –
Сексеуілдер өскен тәрізді
Тамырын байлап жал-құмға.
Арыстан кеуде адамда
Ар-намыс барда тулаған, –
 Бұрқанған бура заманда
Ақындар тумай тұрмаған.





Пікір жазу