meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  163


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРАБАЙ ДА КЕЗІНДЕ АШТАН ӨЛГЕН


Ой-өрісі тиыннан аспай қалған,
Бір мәңгүртсің жүрегі тасқа айналған.
Оу, жігітім, үйілген қара боқсың,
Терісімен адамның қаптай салған.
Сендей сұмдар қай жерде жетілді өніп,
Зұлымдықтан бара ма етің де өліп.
Жылп-жылп етіп жылтырап ұстатпайсың,
Кемпірдің сұйық боғы секілденіп.
Туған елге қол созса жат қарасып,
Кісі күтіп көрдің бе қақпаны ашып.
 Оу, жігітім, мастан ба байлығыңа,
Боққа қонған кей-кейде бақ та адасып.
Қалың жұрттың бөленбей алғысына,
Сен де ажалдың түсерсің шалғысына.
Арлы ақынның ақысын жеген сұмдар
Ұшыраған құдайдың қарғысына.
Көңіліңді, қайтейін, аспан көрген,
Түлкіге де ұқсайсың қашқан белден.
Қарабайдай баймын деп сен есірме,
Қарабай да кезінде аштан өлген





Пікір жазу