11.03.2022
  208


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТӘҢІРГЕ

Бал жинай ма өлсе ара шырын көрмей,
Тұлпар озсын
бәйгеден тұғыр келмей.
Байлығыңды, Тәңірім, қимасаң да,
Жалғыз ғана жазуға ғұмыр бергей.
Қайғы-мұңның онсыз да бұлтын өріп,
Табытымда жатармын бір күні өліп.
Жыр жазбаған күндерім – бедеу аспан
Бұлттанса да жаумаған құр түнеріп.
Кернегенде кеудемді толған шабыт
Жазған жырым –
Басыма қонған бақыт.
Қолдан шабыт жалғанда кім тудырсын
Жасаса да хас шебер қолдан табыт.
Басты алсаң да,
Басымның бағын алма,
Жыр жазатын ғұмыр бер – қапы қалма.
Табылса да өлгенге қара табыт
Дара шабыт тіріге табыла ма?!





Пікір жазу