meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  219


Автор: Рафаэль Ниязбек

АНАМА

Бейнет, азап шексе де жасымаған,
Жүре бергей жер басып асыл анам.
Сенің нұрың емес деп кім айтады,
Күннің нұры көгімнен шашыраған.
Өмір деген асаудың жалында ойнап,
Ұл-қызымның бақытын, бағын тойлап, –
Сенен гөрі кеттім бе, кім біледі?
Күн көрістің көбірек қамын ойлап.
Ұлағаты ұлысқа ұласпаған,
Ұл болдым ба, кім білсін, қыр аспаған.
Қырық жамау көңілім – бір жыртық үй
Сықырлатып есігін кім ашпаған.
Қайта-қайта үңіліп шар айнаға,
Қырау түсіп үлгерген самайға да.
Меккеге де арқалап бара алмадым,
Ақ сүтіңді ақтармын қалай ғана...





Пікір жазу