meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  204


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨМІРІМ – ОЙЛЫ ӨЛЕҢІМ

Өмірім – ойлы өлеңім,
Жайқалған жасыл желегім.
Өлеңім егер болмаса,
Жоқ шығар менің керегім.
Жұлыны үзілген сұм қанша,
Жұлам деп емен, терегін.
Көкірегімнен өжет жыр кетпей
Тұрғанда жүрмін кімге өтпей.
Күн кешіп келем бір беткей, –
Арқасында күріштің
Су ішкен күрең күрмектей.





Пікір жазу