11.03.2022
  183


Автор: Рафаэль Ниязбек

СӨЗДІ ҰҒАТЫН ЖҰРТ БАР МА?

Күннен-күнге тұрмысы құлдыраған,
Елдің жайын бүгінде кім сұраған.
Ішім түтін – пықсыған пеш секілді,
Сыртым бүтін – киімдей жылтыраған.
 Бірақ менің қолымнан не келеді,
Тығырыққа елді кім шегеледі?
Қойды серке бастаса бұрындары,
Бұл күндері бастайды кебенегі.
Қой бастаса ешкі бас кебенегі,
Қаңтарылмай, қайтеді, кемелері.
Елден асыл азамат табылмаса,
Сайламайды әкім ғып неге мені?
Ақын басқарған ел озған,
Әкім басқарған ел тозған.
Келеді әлі жұрт соны неге білмей?
Қайырлаған мезгілде кеме жүрмей.
Сөз ұғатын жұрт бар ма?
Миларына
Жатса егер де қағылған шеге кірмей.





Пікір жазу