meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  240


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАТЫР БАБА ТУЫНДАЙ

Жаулық іздеп жүреді ме
Адам қанша алған мені жағамнан?
Сөздер қанша жүрегіме
Атқан оқтай қадалған.
Тіршілікте жүрсе де кім ұрынбай,
Ғұмыр кешем сірі етіктей тозғанша.
Кейін қайта суырылмай
Жүрегімде қалып қойған сөз қанша?
Қанша атса да жауларым қырына алған,
Келем әлі жығылмай, –
Оқтар тесіп жырымдалған
Батыр баба туындай.





Пікір жазу