11.03.2022
136
АСТЫ-ҮСТІНЕ ШЫҚПАСА ДҮНИЕНІҢ
“Өлгендерді әкеден мен боқтаймын,
Аты-жөнін өшіріп көңілден де.
Тірілерді әкеден мен боқтаймын,
Көз жұмылып бір белге көмілгенде”,
Деп ісінген әкеден туған бала,
Әкім болып биіктен көрінгенде.
Естен танып тірілер,
Жатсаң да өліп,
Шошып тұра келерсің көріңнен де.
Арасынан кір қоқыс шығушы еді,
Көрпелердің астары сөгілгенде.
Құл басқарса жұртыңды жетісерсің,
Сайқалдайын құбылып өмір демде.
Құл басқарған қай ел де құлға айналған,
Күн кешем деп ойлама көңілді елде.
Қара топан тасқындап сай-салаңда,
Айдалада қаларсың құм жастанып.
Жеткізді, айтшы, жұмаққа қай заманда
Жұпар иіс жұртыңды құл басқарып?
Күні туып маңқиған кіл түйенің,
Ел билеген миғұла бастар ғана.
Асты-үстіне шықпаса дүниенің
Құл-құтандар халқымды басқара ма?!