11.03.2022
196
ХАН БАСЫН ХАН АЛСА...
Тіршілік үзілмесін сабағынан,
Сескеніп қара бұлттың қабағынан.
Жосылған қызылала қан көремін
Хан басын шапқан күннің жанарынан.
Жүрекке жазылмайтын жара салған,
Кезі ме уақыттың аласарған.
Көрсетті-ау қайран тағдыр заманды да,
Хан емес, ханның басын қараша алған.
Кісіге себеп көп қой шамданатын,
Себеп көп және жолға қамданатын.
Би мен би сөз ұстасып, сілкілесіп,
Хан басын бұрындары хан алатын.
Жайқалмай ізгіліктің көк орманы,
Бұл қалай ар-ұяттың жоғалғаны?!
Хан басын қараша алса – өкінішті,
Хан басын хан алса егер жоқ арманы.