11.03.2022
  429


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨМІР – МАЙДАН

Астан-кестен бола ма көңіл жайдан,
Білсең егер қып-қызыл өмір – майдан.
Қиянаттың қылышы тұрғанда өтіп,
Арылады бұлтынан көгім қайдан.
Кең дүние тарылып, сызданғанда
Күрсіне ме бостан-бос күз жалғанда.
Ара түскен жан бар ма?
Әкем менің
“Халық жауы” атанып ұсталғанда.
Ойым кейде он саққа бөлінеді,
Қабырғам да қақырап сөгіледі.
Әкемді атқан жауыздың баласы енді
Мені көздеп жүргендей көрінеді.
Қайығында қайғының тербетілген,
Жетім өсіп, жігерлі ер жетілген.
Ал жауыздық жалғасып жатпаса егер
Неге өшпейді киелі жер бетінен?!





Пікір жазу