11.03.2022
  193


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨЖЕТ АНА

Фатима жеңгей Ғалиқызына
Көңіліңде бір алау өріледі,
Асан аға өрісті өрің еді.
Жаны нәзік болғанмен жайшылықта
Қыз ерлігі қырғында көрінеді.
Қарау қоғам соқтығып ұрынғанда,
Ару ана өмірден суынған ба.
 Желтоқсанда сермелдің семсердейін
Бөрік киген еркектер бұғынғанда.
Елге тұтқа ер түгел тұтқындалып,
Жатқан кезі есінен жұрттың танып.
Мұжық Мәсеу түрмесін бұзып кіріп,
Асекеңді аман-сау шықтың алып.
Толқымасын көңілің қайдан тасып,
Айбар сұсың тұрғанда айдан да асып.
Асекеңді жалған ба қорғағаның
Жендет кеуде қоғаммен майдандасып.
Жесір еткен талайды, жетім еткен
Суық еді заманның беті неткен.
Сіздей өжет ананың кекті ызасы
Түрме түгіл қоғамды сетінеткен.
Өзіңді әлі қыдыр жүр төңіректеп,
Мына жарық жалғаннан көңілді өт деп.
Сіздей өжет аналар жасай берсін
Жүрегінде тұратын өмір көктеп.





Пікір жазу