meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.03.2022
  231


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАБІРІМНЕН ТҰРСА ЕСІП ӨМІР ЛЕБІ


Көңілімнен көктем боп жыр ескенде,
Өрт жүрегім бақ қуып күресті елде.
Өлді деуге болатын шығар мені,
Жарық күннің көзімнен нұры өшкенде.
Жұлдыз жанып тұрғанда көгімдегі,
Неге жырым тумасын көңілдегі.
Өлді деуге бола ма, сірә, мені
Қабірімнен тұрса есіп өмір лебі...





Пікір жазу