meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.03.2022
  174


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАҢБАҚ КӨРСЕМ...

Айдарынан аңқылдап жел ескенде,
Бәрі мықты адамның белес-белде.
Бір-бірінің келеді басын шауып,
Тіршілікте ұстасып, егескенде.
Құзырлының алдында жорғалаған,
Қай кісі де өз басын қорғалаған.
 Қаңбақ көрсем егерде тұрам ойлап,
Кімнің басы екен деп домалаған.





Пікір жазу