10.03.2022
  160


Автор: Рафаэль Ниязбек

СЕНСЕҢ ЕГЕР

Қанжығада кетпедім бөктеріліп,
Көп өмірім өлеңмен өтті өріліп.
Біреулердің көзіне елестеймін,
Қорғасыннан құйылған оқ көрініп.
Жолымды егер бермесе тоқтай қалып,
Кеудесіне қадалам оқтай барып.
Біреулердің сан мәрте өлтіргенмін,
Ішіндегі сайтанын шоқтай қарып.
Мына өмірді қып-қызыл майдан көрген,
Елге қатер ер барда қайдан төнген.
Сенсең егер түзеліп кісі болған
Жанның бәрі ішінде сайтаны өлген.





Пікір жазу