meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.03.2022
  184


Автор: Рафаэль Ниязбек

ХАН КЕНЕНІҢ БАСЫ

Жайқалған бөктерінде жасыл шынар,
Бәріне тауқыметтің асыл шыдар.
Жер шары білсең егер қилы шақта
Кесілген бір алыптың басы шығар.
Жан бар ма сұрап көрген дана қарттан,
Жер шары – жұмыр тас па далаға атқан.
Кесілген хан Кененің басы ма әлде,
Домалап болашаққа бара жатқан.
Тағдыры тұла бойын жасын еткен,
Хан Кене дария еді тасып өткен.
Мерт болған асылдардың
Болашаққа
Домалап бірге өзімен басы жеткен.





Пікір жазу