10.03.2022
186
АЛТЫН ЗАМАН
Шұбатылып алдында жол жатқалы,
Туған елдің көп еді жоғалтқаны.
Атқа мінген азамат толып жатыр
Алтын заман еліме орнатқалы.
Жалғандықтың көбесі сөгілгенде,
Кімнің көзі күлмеді көңілді елде.
Алтын заман орнайды,
Қазақ түгел
Ақ боз аттың үстінен көрінгенде.