10.03.2022
206
АҚЫНДАР БІЗДЕ КӨП ӘЛІ
Жұлдызы жанған жоғары
Халықтың қандай жақыны?
Ақындар бізде көп әлі
Тартысқа төзбес тақымы.
Жоқтамай мұңын халықтың
Атанған Халық ақыны.
Жолбике сондай жандардың
Атағын қайтем қызғанып?
Бұтағы сынған талдардың
Тамырын жатса мұз қарып.
Жайқалмай тұрмас көк орман
Шуағын сүйген жарықтың.
Ақын боп өтсем жоқ арман
Жырлаған мұңын халықтың.
Жатар ем сонда алаулап
Ішінде қара табыттың –
Қызығын кешіп шабыттың.