10.03.2022
  220


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖАРТАСТАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҚАРАҒАЙ

Тілгілеген аспанды сойқанданып,
Бүркіт қашан күн кешкен ойға алданып.
Жартаста өскен қарағай бүрген кезде
Бір аяғы болар ма қойған қалып.
Тіршіліктің бұзылмай ырғақтары,
Жартастың да сыр айтып тұр қатпары.
Қарағайдың арбиған тамырлары
Нән бүркіттің секілді тырнақтары.
Сол ерлікпен табиғат тұр тыныстап,
Сыр ұғады қараса кім дұрыстап.
Сол бүркіттің жұлынған бір аяғы
Тұр әлі де жартасты бүріп ұстап.





Пікір жазу