meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.03.2022
  283


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТУҒАН ЖЕР

Қырға қалай жайылсын елдің малы,
Қалталыға сатылған жердің бәрі.
Ел қорғайтын ер жігіт жаяу қалған
Тышқандарға жем болып ер-тұрманы.
Жақсылығы өзінен артылмаған
Ұлық қанша өз ұлтын алқымдаған.
Көк қағазға құл болған бұл заманда,
Ел ішінде не қалды сатылмаған.
Сауда қызбай тұра ма етек алған,
Момын қанша сатылып кете барған.
Ауылдардың тағдырын кім ойлайды,
Өкіметтен қол үзіп жеке қалған.
Беті қалың биліктен түңілгенде,
Кісі бар ма демейтін сүрінгенде.
Жерін жатқа сатқызып құл бола ма,
Намыс болса егерде бүгінгі елде.
 Көшім жаңа биікке беттегенде,
Күйінбейтін шығармын текке мен де.
Аунап-қунап, шіркін-ай, қайтар едім,
Туған жерім сатылып кетпегенде.





Пікір жазу