09.03.2022
  179


Автор: Рафаэль Ниязбек

БҮКІР КЕМПІР

Бүршік жармай тұрғанда қайың жүдеп,
Кісі бар ма ойлайтын жайыңды көп.
Белі иіліп бүгілген кемпір тұрды,
Ақ сарайдың алдында қайыр тілеп.
Көмек егер бермесе жұрт жиылып,
Зауал туар басына бұлт үйіріп.
Жалғандығын жалғанның ұқпай кемпір,
Сұрақ белгі секілді тұрды иіліп.





Пікір жазу