meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.03.2022
  171


Автор: Рафаэль Ниязбек

ПАРАДОКС

Бүгінде бәрі «кемеңгер»,
Көрсеңдер жебеп, демеңдер.
Кісінеп қалған далада
Жылқының етін жегендер.
Бүгінде бәрі «кемеңгер»,
Көрсеңдер жебеп, демеңдер.
Ел билеп жүр-ау, қайтейін,
Есектің миын жегендер.
Ар-намыс жоқта қайралған,
Парламентке қулар сайланған.
Қай ел де есек билеген
Миғұла елге айналған.
Сөйлесем егер жасқанбай,
Дұшпанды мысым басқандай.
 Арыстанға қай ел айналсын,
Арыстан ерлер басқармай.





Пікір жазу