09.03.2022
  207


Автор: Рафаэль Ниязбек

КҮНТІЗБЕНІҢ ЖЫРТЫЛҒАН БЕТТЕРІ


Уақыттарым жоғалған текке кетіп,
Мені қалай көгертсін көктем етіп.
Көк пойыздай көпірден өтіп кеткен
Өмірімнің көбісі кеткен өтіп.
Құбыланың соққанда өкпек желі,
Көңілімнің дүрліккен көк кептері.
Жыртылмаған парағы аз қалыпты-ау,
Күнтізбенің жыртылып көп беттері.





Пікір жазу