09.03.2022
  149


Автор: Бөгетбай Иманғали

Ауылым

 


Сағынып,аңсап,
Отырмын бүгін ауылды.
Мына шаһарда түсінер кім бар жанымды?
Беймаза болып,қаланың у-шу күйінен,
Құлағып тұнып,тынысым сонша тарылды.


Іздеймін бүгін кешегі ауыл кездерін,
Өткен күн елес,тынымсыз тағдыр тезбедін?
Шалшық су кешіп,доп қуып өшіп жүргенде,
Бақыттың неге ауылда екенін сезбедім?


Жалған ғұмырдың бұйырықтарына бағындым,
Ауылдан шығып,зәулім үйлерден табылдым.
Мұрныма кофе иісі келсе құрысын
Бәрінен бұрын қораның иісін сағындым.


Жусан иісі,жаз кеші ымырт жабылған,
Желмен жарысып,шықпаушы едік шағылдан.
Күн астындағы жазғұтырымдық көрініс,
Көрінер көзге,табылар шіркін ауылдан.


Туған жер сенін әр тастарыңды ұнаттым.
Тұмса табиғатыңның,топырағына құмарттым.
Өрістен келер маңыраған малдың дауысы,
Құлама-құлди,түбінде жатыр құлақтың.


Қыр баласымын,арманым биік шындардай,
Қыр ұлымын мен,Табылды айтқан жырлардай.
Елеңдеп әр кез ауылға қарап қойамын,
Қайран ауылым,мағанда қарап тұрғандай.





Пікір жазу