09.03.2022
  151


Автор: Бөгетбай Иманғали

Мұқағалиға

 


Қайдасың жырым менің тұмандаған?!
Тұманданып кеудемнен шыға алмаған.
Бей уақытта бүйірден түртушіен-ғой,
Босатшы деп тықпыршып тұралмаған.


Жөн емес жөнсіздерге жыр арнаған.
Не қалды бұл шабыттан сұралмаған,
Әй шабытым,екеуіміз келісейік,
Маған Мұқағали керек,мұнарлаған.


Дәуір жылжып барады,керуен көшіп,
Қарғалар жүр қырансып,жермен ұшып.
Нағыз Қыран,Мұзбалақ Мұқағали,
Томағаңмен қалқитын тербелісіп.


Мұқа...
Ғұмырыңды кешсем бір тасқа батқан.
Жырларыңды оқушы ем отқа жаққан.
Сыбағасын беререм керек десең,
Балақтағы биттерді басқа шапқан.


Мұқа,МҰҚАҒАЛИ бір күніңді берші маған,
Шәмілдей мың жақсыңмен көрші болам.
Етігіңе жармасқан талайларды,
Қонышыңмен құлатып еншіңді алам.


Уа Мұқа тұратын жан төрден анық.
Сен болып махаббаты тергеп алып,
Пай-пайлап жүрсем бе екен,кеш батқанда,
Аққулар ұйықтап жатқан көлге барып.


Қара өлеңмен жылынды қоңыр үй жаңа,
Шың ғашықтар тағдырға дән ризама.
Дәрменсіз жатсамда,хат жазсам деймін,
Сен секілді менде бір өз Фаризама.


Таулықпын деп айтпаймын бірақта мен.
Себебі Таудан алыс жырақта ем.
Мен таудан мақұрұммын,шалғайдамын,
Әйтпесе тауға барып тұрақтарма ем?


Білмеймін бұл дүниеде кімдер жалғыз
Ескіні есіркейтін біздер бармыз.
Мұқағалидың қасында біз ақындар,
Қағазды жәй шимайлап жүрген жанбыз.





Пікір жазу