08.03.2022
143
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Бір асу бар арада
Арамызда бір күдік – сенбестік бар,
Арамызда бір үміт – сөнбестік бар.
Екі оттың оранған ортасында –
Арамызда, әйтеуір, дербестік бар.
Бір асу бар арда – түрпі нағыз,
Сол түрпіні жеңе алмау – күлкі нағыз.
Екі жақта тұрып-ақ екеуіміз,
Бірімізге біріміз ынтығамыз.
Нар тәуекел, кәнеки, етейік те,
Сол асудан сүрінбей өтейік те.
Бірімізге біріміз жетейік те,
Қол ұстасып қиянға кетейік те.
18.02.2001 ж.