08.03.2022
  146


Автор: Абдрахман Асылбек

Өзіңмен бірге болған әр сағатым

Өзіңмен бірге болған әр сағатым –
Өмірлік қайталанбас бал сағатым.
Кетпейді құлағымнан балғын даусың,
Балқытып таң атқанша ән салатын
Сенімен отырайын қайда, қай күн,
Сезінем отырғандай тойда айдын.
Әйтеуір, сен қасымда болсаң болды,
Еш нәрсе бас қатырып ойламаймын.





Пікір жазу