08.03.2022
  154


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің

Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Байлықпен бағаланар кісің бе едім?
Табынған тек Тәңірге жан емес пе ем,
Не болды соншалықты кішіргенім?
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бейшара бейнесінде мүсіндедің.
Жаныма жайма-шуақ жаман батты,
Құнымды соншалықты түсіргенің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Жұмбақты жан емес пе ем, ішімде мұң.
Қонатын тұғырыңа қонбай жүрсің,
Қол созып, болар деп ем құсым менің.
Мен сені сүйіп едім, түсінбедің,
Бәрібір басып тұрар мысым менің.
Жалт етіп жазың өте шыққан кезде,
Не болар соншалықты ісінгенің?





Пікір жазу