08.03.2022
  144


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен мені ұғамысың?

Сен мені ұғамысың –
Мәңгілік мұратымсың.
Аңдамай әлде бір күн,
Апанға жығамысың?
Түнерсе ай қабағың,
Торлайды айнала мұң.
Сәл ғана күлімдесең,
Айдынға айналамын.
Өзіңсіз ойнамаймын,
Өзіңсіз тойламаймын.
Қасымда бірге жүрсең,
Еш нәрсе ойламаймын.
Өзіңсіз байланып тіл,
Мылқауға айналып бір,
Меңіреу мына ғалам,
Отырам ойланып құр.
Көнемін әміріңе,
Көнемін жәбіріңе.
Өзіңмен табыстырған
Ырзамын Тәңіріме.





Пікір жазу