08.03.2022
  90


Автор: Абдрахман Асылбек

Жырақтап сәтке бір ғана

Жырақтап сәтке бір ғана,
Естімей қалсам үніңді,
Тұнжырап кетем мұңдана,
Жоғалтқан жандай күнімді.
Қараңғы тартып заматта-ақ,
Айналар түнге үміттер
Шымшиды жанды шабақтап,
Қамалап түрлі күдіктер.
Қоярға жанды жай таппай,
Толқын боп жарға соғамын.
Қызғаныш итін айтақтай,
Әркімді оймен қабамын.
Тартылып лезде тынысым,
Тоқтайды барлық жұмысым.
Өртеніп-жанам кім үшін?
Тірлігім бүйткен құрысын!
Түнім де менің түн болмай,
Тақсірет таңым атады.
Оралған жандай дым болмай,
Күлгенің жанға батады.





Пікір жазу