08.03.2022
  141


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаны жұмсақ жайсаң жансың сен мүлдем

Жаны жұмсақ жайсаң жансың сен мүлдем,
Сүйем дедің, сүюіңе сендім мен.
Азаптадың, мазақтадың сезімді,
Бәріне де басымды иіп, көндім мен.
Ақыл айтсам, батыл айтсам, қашпашы,
Елпеңдеген ескі әдетті тасташы.
Сүрінген де, бүлінген де шығарсың,
Енді қайтып өткен ізді баспашы.
Дәніккеннен жаман дейді құныққан,
Жөн болар-ау жөнсіздікті ұмытқан.
Жасың асып кеткенен соң қырықтан,
Құтылмассың уақыт салған құрықтан.





Пікір жазу