08.03.2022
  148


Автор: Абдрахман Асылбек

Көркіңе сеніп

Көркіңе сеніп,
Құбыла берме.
Желікке еріп,
Жығыла берме.
Арамға көніп,
Ығына ерме.
Арманның берік
Шыңына өрле.
Ұзамас көпке,
Өтеді жазың.
Жылыстап шетке,
Кетеді назың.
Біртіндеп бетке
Жетеді әжім.
Өткен күн текке
Етеді жазым.


 





Пікір жазу