08.03.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың

Жеңіл жүрсең, жеңілтек дос табарсың,
Көбелектей жел қуған қостанарсың.
Ажарың мен базарың тарқаған соң,
Керексіз боп ешкімге бос қаларсың.
Көп болғанда күлкімен он жыл өтер,
Аямайды уақыт – мол жүдетер.
Әрің менен нәріңді қатар сорып,
Қос кеудеңді босаған қоржын етер.
Сонда ғана өкініп, аһ ұрарсың,
Көңіліңді қайғыға батырарсың.
Сені сүйген жалғыз-ақ адам барын
Сонда ғана түсініп, шақырырсың.
Бәрібір, мен өзіңді сағынармын,
Жазуына Тәңірдің бағынармын.
Саған деген ынтығым сөнбек емес,
Сол кезде де қасыңнан табылармын.





Пікір жазу