08.03.2022
189
Тәңір сыйы
Жан сырымды өзіңе
Жайып салып есілем.
Қарақаттай көзіңе
Көрген сайын тесілем.
Кетсең кейде алыстап,
Күдікті күн кешірем.
Жүректі мұң жаныштап,
Күтем қырдың төсінен.
Өзіңменен мерекем,
Мәртебемді өсірем.
Тәңір сыйы сен екен –
Таусылмайтын несібем.