07.03.2022
143
Мақсат
Биігіне шығам деп,
Армандаған белестің,
Сүйенерім шыдам боп,
Қиындықпен егестім.
Табанымды тіреуге
Тимесе ебі дөңестің,
Кінә тағып біреуге,
Сенен болды демеспін.
Жабырқаған кезде мен
Қабырғаммен кеңестім.
Мақсатыма көздеген
Жетпей тынбақ емеспін.
Аз тірлікке алаң боп,
Шықпай қалса көмескі үн –
Бұл өмірде адам боп,
Неге туып, неге өстім?!